АСТАНА, 22 маусым — Sputnik. Алдыңғы қатарлы Еуропа елдері тұрғындарының басым көпшілігі бір немесе бірнеше ел Еуропа одағының құрамынан жақын арада шығуы мүмкін деп санайды. Бұны Sputnik.Пікірлер жобасы аясындағы жүргізілген француздық IFop әлеуметтік компаниясының деректері білдіреді.
Атап айтар болсақ, ЕО-дан Біріккен корольдіктің соңынан жоқ дегенде тағы бір елдің шығатынына сенімді француздардың жартысы дерлік (49%), немістер (52%) мен итальяндықтардың (57%) жарысынан астамы, сонымен қатар британдықтардың үштен екі бөлігі (64%) білдіреді.
Бұл ретте, Британия тұрғындарының 55%-ы, итальяндықтардың 50%-ы, француздардың 42%-ы мен итальяндықтардың 39%-ы Brexit бірден бірнеше мемлекет үшін үлгі бола алады деп санайды.
Бұдан бөлек, Германия, Франция және Италияда ЕО-дан бір немесе бірнеше мемлекеттің шығу ықтималдығы туралы ересек респонденттер гөрі жастар (35 жасқа толмағандар) айтады. Зерттеулер Ұлыбританияда Еуроодақтан шығу туралы референдумның өтуіне бір жыл толуына орайластырылып отыр.
Сауалнама 2017 жылғы сәуірдің 21 мен 25 аралығында жүргізілген.
Оған жасы 18-ден асқан 3 203 респондент қатысты.