Оқиға

Ақтөбе облысында автобус аударылды: 9 адам қаза тауып, 43 адам зардап шекті

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуЗардап шеккендерді ауруханаға жеткізу, архив суреті
Зардап шеккендерді ауруханаға жеткізу, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі қабатты жолаушылар автобусында болған Өзбекстан азаматтары қаза тапты

АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысында болған жол апатынан Өзбекстанның 9 азаматы қаза тапты. Тағы 43 адам зардап шекті, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. 

Сейфуллин көшесіндегі жаппай жол апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда екі автобустың қатысуымен жол апаты болды, зардап шеккендер бар

Жол апаты бейсенбі 10 сағат 20 минутта (Астана уақыты бойынша 11.20) Самара-Шымкент тас жолында Қарабұтақ ауылынан 20 шақырым жерде болған. 

"Mercedes маркілі екі қабаттық жолаушылар автобусы аударылып қалды. Автобуста 52 адам болды, оның 50-і Өзбекстан азаматы және екеуі қазақстандық. Автобус Волгоград-Шымкент бағыты бойынша қатынайды", — деп хабарлады Иманқұлов. 

Оның мәліметі бойынша, 9 адам (Өзбекстан азаматтары) қаза тапты, 18 адам (Өзбекстанның 17 азаматы мен 1 Қазақстан азаматы) аурухана жеткізілген. 

Апат орнында 25 адамға медициналық көмек көрсетілді. 


Жаңалықтар
0