АСТАНА, 22 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік инвесторларға Қазақстандағы литий өндірісі мен барлауға инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
"Әлемде сирекжерлік металлдарды пайдаланатын технологиялар белсенді дамып жатыр. Сарапшылардың бағалауынша, 2025 жылға қарай литийге сұраныс жылына 550 тоннаға дейін үш есеге артуы мүмкін. Сондықтан литийді "ақ мұнай" деп атады. Қазақстанның әртүрлі сирекжерік металлдардан, оның ішінде литийден мол қоры бар. Инвесторларға бізің үкіметпен бірлесіп инвестиция салу үшін осы саланы қарастыруды ұсынамын", — деді Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 30-шы жалпы отырысы барысында.
Сондай-ақ, ол республикада бизнес ахуалды жақсарту бойынша, атап айтар болсақ, әкімшілік кедергілер, инвестициялық тәуекелділіктер, сонымен қатар жаңартылмалы энергия нарығындағы жобаларды жүзеге асырудағы шығындарды азайту бойынша жұмыстардың жалғасып жатқанын атап өтті.