Экономика

Ұлттық банкте теңгенің әлсіреу себебін атады

© Sputnik / Болат Шайхиновақша
ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің негізгі банкінде валюталық нарықтағы өзгерістерді мұнай бағасымен байланыстырып отыр

АСТАНА, 21 маусым — Sputnik. 17 жылғы 21 маусым Елдің валюта нарығындағы жағдай туралы Елдің валюта нарығындағы өзгерістер мұнай бағасының төмендеуі аясында сыртқы нарықтарда қалыптасқан жағдайдың тікелей көрінісі болып табылады, деп хабарлайды реттеушінің баспасөз қызметі.

 ҚРҰБ Монетарлық операциялар департаментінің директоры Әлия Молдабекованың айтуынша, соңғы апталарда мұнай бағасының бір баррель үшін $46 деңгейге дейін және одан аз төмендеуі нарықтағы ұсыныстың болжамды артықшылығы бойынша жаңалықтар аясында орын алуда.

Оның айтуынша, Ливиядағы мұнайдың ұлғайып келе жатқан өндірісі және АҚШ-тағы тақтатас мұнай өндірісінің өсуі туралы жаңалық нарықта ұсынысты төмендету бойынша ОПЕК шараларының табыстылығына күмәндануға мәжбүр етті. "Нарықтағы болжам бойынша, ұсыныстың артық болуы болжанғаннан гөрі ұзағырақ сақталады. Осылайша, ОПЕК келісімінің тиімділігі барынша күмән тудырады", – деп атап өтті Ә. Молдабекова.

Негізгі іргелі факторлардың бірі ретінде мұнай бағасының серпіні Қазақстан теңгесінің айырбастау бағамында көрінеді. Алайда ұлттық валютаның әлсіреуі Қазақстанда ғана емес, экономикасы ұқсас басқа елдерде де байқалып отыр. Аптаның басынан бастап мұнай бағасының оң түзетуі бар мынадай валюталардың кейбір төмендеуі болды: 19 маусымда күн жабылғаннан бастап ағымдағы сәтке дейін теңге шамамен 2.3%, Ресей рублі 2.7%, Канада доллары 0.5%, Бразилия реалы 1.4%, Норвегия кронасы 0.7% төмендеді. Жұмадан бастап теңге 3%, Ресей рублі 4%, Канада доллары 0.6%, Бразилия реалы 1.1%, Норвегия кронасы 1.4% құлдырады.

Қазақстан Ұлттық Банкі өз кезегінде валюта нарығындағы ахуалды қадағалауын жалғастырып отыр және артық құбылмалылықты реттеу жөнінде шаралар қабылдау құқығын өзіне қалдырып отыр. 

Жаңалықтар
0