АСТАНА, 21 маусым — Sputnik. ІІМ криминалдық полициясы Алматы қаласының аумағында ірі притондар желісін ашқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлады ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Алмас Сәдубаев.
"ІІМ криминалдық полициясы Алматы қаласының аумағында ірі притондар желісін ашқан қылмыстық топтың жолын кесті", — деді Алмас Сәдубаев.
ІІМ өкілінің айтуынша, қылмыстық топқа мүше әр адамның өз рөлі болған, соның ішінде адамдарды тасымалдау тәсілдері, интим қызмет көрсету және төлеу формалары мен қылмыстық жолмен түскен қаражатты аудару жүйелерінің қалай жасалғаны анықталды.
Жергілікті тұрып жатқан жері бойынша, сонымен қатар қаладағы 16 саунада клиенттер базасы, телефон нөмірлері, ұйымдастыру техникалары мен қылмыстық әрекеттерді растайтын бухгалтерлік құжаттар табылған. Қазіргі уақытта ұсталғандар қылмысын мойындап жатыр.