Өңірлер

Еліміздің оңтүстігінде 45 градусқа дейін ыстық болады

© Sputnik / Владимир Сергеев / Медиабанкке өтуЖаз
Жаз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2017 жылғы 22-24 маусымға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА, 21 маусым — Sputnik. Оңтүстікте ауа температурасы 40 градустан жоғары көтеріледі, деп хабарлайды Қазгидромет баспасөз қызметі

"Батыс Сібір арқылы бірінен кейін бірі белсенді циклондар көшуде. Соған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағы арқылы жылжып, кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі және дауылды желдің күші 15-25 м/с болады", — делінген хабарламада.

Республиканың батысы мен солтүстігінде фронттардың өтуіне байланысты ауа температурасы нормаға жақын және төмен болады деп күтілуде. Ал қалған аумақта ауа температурасы климаттық нормадан 4-7ºС жоғары болады.

Қазақстанның оңтүстігінде, алдағы тәуліктерде өте ыстық болады, мұнда күндіз ауа температурасы 33-39ºС, кей жерлерде 40-45ºС болады деп болжануда.

Жаңалықтар
0