Саясат

Саули Нийнистё – президент клюшкамен және роликте

© SputnikФинляндия президенті Саули Нийнистё
Финляндия президенті Саули Нийнистё - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Финляндия президентіне "Барыс" хоккей клубының атаулы футболкасын тапсырды

АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Финляндии президенті Саули Нийнистё Астанада өткен ЭКСПО-2017 баспасөз конференциясы кезінде хоккейге деген сүйіспеншілігі мен роликте сырғанау сабақтары туралы айтып берді. 

Бұрын хабарланғандай, Астанаға дүйсенбі күні ұшып келген Саули Нийнистё бірден ролик тебуге шыққан. 

"ЭКСПО маңында триатлоннан оқу курсын алдым. Мен роликте 12 шақырым жүріп өтіп, одан кейін өзімді жақсы сезіндім", — деді Нийнистё Sputnik Қазақстан тілшісіне. 

Сонымен қатар Финляндия басшысы хоккейге деген әуестігімен танымал, оның өзі жиі қолына клюшка алады. 

Финляндия президенті Сауле Ниинистё Астанаға келді - Sputnik Қазақстан
Саясат
Финляндия президенті Астананы роликпен аралады

"Мен "Барыстың" бұрынғы бапкері Ари-Пекка Селинмен таныс емеспін, бірақ біздің көптеген хоккей мамандарының әр елде жұмыс істейтінін білемін. Хоккей Финляндиядағы ең әйгілі спорт ойыны шығар. Бәлкім біз футболды жақсы ойнай алмағандықтан болар", — деп әзілдеді ол. Сондай-ақ Койво ағайындыларының сүйікті ойыншылар екенін айтты. Микко Койву – орталық шабуылшы және "Миннесота Уайлд" НХЛ клубының капитаны. 

Ол – 2011 жылғы әлем чемпионы және Финляндия құрамасы құрамындағы Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері. Оның үлкен ағасы – Саку Койву – Олимпиада ойындарының төрт дүркін жүлдегері. 

Баспасөзбен кездесуден кейін спорт журналистері қауымдастығының өкілі Ілияс Омаров Саули Нийнистёге нөмірі 4 "Барыс" атаулы футболкасын табыс етті. "Төртінші – Нийнисте мырзаның сүйікті саны, ол үнемі сол нөмірмен ойнайды", — деп түсіндірді Омаров. 

Бүгін ЭКСПО-да Финляндияның ұлттық күні өтті. ЭКСПО қонақтары мен келушілері Солтүстік Еуропа елінің мәдениетімен танысты. 


Жаңалықтар
0