АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Алматыда Рысқұлов-Жансүгіров көпірінде екі Toyota көлігі соқтығысты, деп хабарлады Sputnik Қазақсанға құқық қорғау органдарында.
Көзбен көрушілердің сөзіне қарағанда, Toyota Camry Рысқұлов көшесінің бойынан шығыс бағытында қозғалып келе жатып, көпірге шығып өшіп қалды. Артынан сол бағытта Toyota Hilux Surf қозғалып келе жатқан.
Жүргізуші апаттық жарықты кеш көріп қалып, соқтығысуды болдырмауға тырысқан. Бірақ бәрі бір тұрған көліктің артынан соқты.
Соққыдан Camry жолдың ортасына шығы кетеді, ал Surf оң жаққа қарай көпірдің қоршауына ұшып кетті.
Екі көлік те соққыдан қатты зақымданды. Апат орнына келген дәрігерлер жол апатына қатысушыларды тексеріп шықты. Барлығы ауруханаға жатудан бас тартты. Барлық мән жайды анықтаумен Алматы полициясы айналысады.