АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Өрт Щучинск қаласының маңындағы қонақ үйлердің бірінде болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Ақмола облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Екі қабатты "Алатау" қонақ үйінде 18 маусым күні таңертең өрт шықты.
Қонақ үй Щучинскіден тоғыз шақырым жерде орналасқан. Өрт сағат 06.43-те ауыздықталып, 08.35-те сөндірілді.
"Өрт аумағы 40 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан 36 шаршы метр ауданда сыртқы қабырға құлады", — деді Sputnik-ке ТЖД. Құбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.