Өңірлер

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Сергей Мальгавко / Медиабанкке өтуЖаз
Жаз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы көшпелі бұлтты болып, жел күшейеді

АСТАНА, 20 маусым — Sputnik. Алдағы күндері Қазақстанның солтүстігі, солтүстік-батысында, шығысы мен оңтүстігінің кей жерлерінде жаңбыр жауады. Республиканың орталығында, батыс өңірінің басым бөлігінде, оңтүстікте кей жерлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп жазады Gismeteo.

Қазақстанның орталық облыстарында ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ақмола облысында көшпелі бұлтты, желдің екпіні — 9-14 м/с, өңірдің солтүстігінде күндіз жауын жаумайды, +22…+25°C, түнде кей жерлерде жаңбыр жаууы мүмкін, +13…+15°C, облыстың қалған бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, күндіз +25…+28°C, түнде +15…+17°C.

Қарағанды облысында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы +26…+29°C, түнде +16…+19°C, өңірдің оңтүстігінде күндіз температура +29…+31°C, түнде +18…+20°C.

Қазақстанның солтүстік өңірлерінде көшпелі бұлтты, басым бөлігінде жауын жауады, жел ұйытқиды. Солтүстік Қазақстан облысында көшпелі бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, желдің екпіні — 15-20, ұйытқуы 25-28 м/с, күндіз ауа температурасы +22…+25°C, түнде +15…+17°C.

Қостанай облысында көшпелі бұлтты, өткінші жауын жауады, күн күркірейді, желдің екпіні — 9-14 м/с, күндіз ауа температурасы +20…+23°C, түнде +12…+14°C.

Павлодар облысында көшпелі бұлтты, оқтын-оқтын жауын жауады, күн күркірейді, желдің екпіні — 9-14, ұйытқуы 18 м/с, күндіз ауа температурасы +25…+28°C, түнде +18…+20°C.

Шығыс Қазақстан облысында көшпелі бұлтты, кей жерлерде өткінші жауын болып, күн күркірейді, күндіз ауа температурасы +30…+33°C, түнде +18…+20°C, кей жерлерде +20…22°C.

Оңтүстік облыстарда ауа райы көшпелі бұлтты, негізінен жауын жаумайды, кей жерлерде өткінші жаңбыр болуы мүмкін, жел ұйытқиды. Алматы облысында көшпелі бұлтты, кей жерлерде аздап жаңбыр жауады, күн күркіреуі мүмкін, жел ұйытқиды, күндіз ауа температурасы +30…+32°C, түнде +20…+23°C, облыстың солтүстігінде түнде +18…+21°C. 

Жамбыл облысында көшпелі бұлтты, кей жерлерде өткінші жауын жауады, күн күркірейді, желдің екпіні 9-14 м/с, ауа температурасы күндіз +32…+35°C, түнде +20…+22°C.

Оңтүстік Қазақстан облысында көшпелі бұлтты, жауын жаумайды, күндіз ауа температурасы +33…+36°C, түнде +20…+23°C.

Қызылорда облысында ала бұлтты, жауын жаумайды, желдің екпіні — 9-14 м/с, күндіз ауа температурасы +32…+35°C, түнде +19…+21°C.

Қазақстанның батыс өңірлерінде көшпелі бұлтты, басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Батыс Қазақстан облысында ғана ауа райы көшпелі бұлтты болып, жаңбыр жауады, желдің екпіні — 9-14 м/с, күндіз ауа температурасы +22…+25°C, түнде +13…+15°C.

Ақтөбе облысында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің екпіні +23…+26°C, түнде +13…+15°C.

Атырау облысында күн ала бұлтты, жаңбыр жаумайды, күндіз ауа температурасы +27…+30°C, түнде +17…+19°C. 

Маңғыстау облысында көшпелі бұлтты, жауын жаумайды, күндіз ауа температурасы +28…+31°C, түнде +20…+22 °C.

Жаңалықтар
0