АСТАНА, 19 маусым — Sputnik. ЭКСПО жұмысының бірінші аптасында көрмеге 205 мың 561 адам келді, олардың 26 мыңы — шетелдіктер.
Кірудің жалпы саны 1 миллион 57 мың 218-ді құрады. Бұл туралы "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-ның басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақов.
"Жалпылай алғанда 1 миллион 57 мың 218 адам болды. Негізгі нысандар бойынша — 167 мың 884 адам. Соның ішінде, біздің "Нұр-Әлем" павильонында 86 мың 500 адам болып қайтты. Аталған мерзімде біздің нысандарды 26 мың шетелдік тамашалады, ол шамамен 13 пайызды құрайды. Бір адам орташа алғанда 5-6 нысанды көріп қайтады. Аталған уақытта мектепке дейінгі жастағы 10 мыңдай бала, екі мыңнан аса кембағал жандар, ардагерлер мен оларға теңестірілген азаматтар болды. 14 мыңнан астам оқушы, студент және зейнеткер", — деді Қарымсақов.
Басқаушы директордың сөзіне қарағанда, күн сайын келушілер саны артып келеді екен.
"Бірінші күні 18 мың адам келген болса, өткен жұма күні келушілер саны 34 мыңға жетті. Аталған мерзімде көрме аумағында 281 мәдени-ойын сауық және іскерлік шара өткізілді", — деп түйді Бейбіт Қарымсақов.