Әлем

Мешіт айналасына көлік қалдыруға тыйым салынды

© Sputnik / Анатолий Устиненкомешіт
мешіт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция Рамазан айының қалған күндерінде жол қозғалысы ережесін сақтауға шақырды

АСТАНА, 19 маусым — Sputnik. Дубай полициясы көлік жүргізушілерін Рамазан айының қалған күндерінде жол қозғалысы ережесін сақтауға шақырды. 

Қадір түнінің құрметіне 1000 тұтқынға рақымшылық жасалды - Sputnik Қазақстан
Әлем
Қадір түнінің құрметіне 1000 тұтқынға рақымшылық жасалды

Дубай полициясындағы Жол қозғалысы бас басқармасының директоры Саиф Мохейр әл-Мазруи департамент Рамазан айында Дубай тұрғындарына қолайлы жағдай қалыптастыруға жауапты екенін айтты, деп жазады muslim.kz. 

Аталмыш ведомство сондай-ақ көліктердің мешіт аулаларындағы тұрақжайына да назар аударады. Осыған байланысты ол тарауих намазына келуші мұсылмандарға көліктерді ретсіз қойып кетпеуді ескертті. Мешіт айналасындағы жолдарды көліктермен жауып тастауға болмайтынын атап кетті.

Әл-Мазури, сонымен қатар, түнгі құлшылық кезінде тәртіпті қатаң бақылайтынын, жол қозғалысы ережелері де қатаң сақталуы тиістігін хабарлады. Департамент басшысы барлық көлік иелерінен ережені бұзбауға және өзге де мұсылмандардың қасиетті айда құлшылық жасауына кедергі келтірмеуін сұрады.

 

 

Жаңалықтар
0