АСТАНА, 19 маусым — Sputnik. Анамальды ыстық ауа-райы, оңтүстік, орталық және шығыс облыстарға орныққан, деп хабарлады Қазгидромет метеоқызметі.
Егер де республиканың шығысы мен орталығында атмосфералық фронтарға байланысты қысқа мерзімді найзағайлы жаңбыр болып, осының әсерінен ыстықтың аздап әлсірегені байқалса, ыстық ауа-райы оңтүстік және оңтүстік шығыста әлі де сақталады, ауа температурасы нормадан 5-8ºС жоғары болады.
Батыс Сібірдің үстінде орналасқан циклонның оңтүстік перифериясы Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарына әсер ететін болады. Сондықтан, осы аймақтың кей жерлерінде жаңбыр, найзағай, қатты екпінді жел соғып, бұршақ болуы мүмкін. Ауа температурасы нормаға жақын болады деп болжануда.