АСТАНА, 19 маусым — Sputnik. Астанадағы Сирия бойынша бесінші кездесу 10 шілдеде БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы елшісі Стаффан де Мистураның қатысуымен өтеді, деп хабарлады Ресей Федерациясы сыртқы істер министрі Сергей Лавров, деп жазады РИА Новости.
РФ СІМ басшысының сөзіне сүйенсек, кезекті кездесу Астанада БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы елшісі Стаффан де Мистураның қатысуымен өтеді.
"Дәл осы кездесуде тараптар деэслакация аймақтарының периметрі және ондағы режимді қамтамасыз ету параметрлері бойынша нақты келісімге келеді", — деп мәлімдеді Лавров БРИКС елдері СІМ басшыларының кездесуі қорытындысы бойынша өтікізілген баспасөз мәслихатында.
Қазақстан елордасында сирияаралық реттеу мәселесі бойынша төрт кездесу қаңтар, ақпан, наурыз, мамыр айларында өткізілген болатын.