АСТАНА, 19 маусым — Sputnik. Лондондағы мешіт маңында жүк көлігі бір топ мұсылманды қағып кеткеннен соң, сыртқы істер министрлігі қазақстандықтар туралы мәліметті анықтауда, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.
"Сыртқы істер министрлігі мен ҚР-ның Лондондағы елшілігі зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтауда. Әзірше мәлімет түскен жоқ", — деп хабарлады Әнуар Жайнақов.
19 маусымға қараған түні Лондонда жүк көлігі бір топ адамды қағып кетті. Полиция мәліметіне сүйенсек, 48 жастағы күдікті ұсталған. Оқиға салдарынан бір адам қайтыс болып, он адам зардап шекті, олардың сегізі ауруханаға жатқызылған.