АСТАНА, 19 маусым — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жаууы мүмкін, оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында жел соғады — 15-20 м/с, кей жерлерде ұйытқуы — 23-28 м/с, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола облысында түнде кей жерлерде желдің екпіні — 15-20, күндіз ұйытқуы — 25 м/с, бұршақ түсуі мүмкін. Қарағанды облысында жел соғады деп күтіледі — 15-20 м/с, бұршақ жаууы ықтимал.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз және таңертең Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында, түнде Қызылорда облысында — жел — 15-20 м/с.
Қостанай облысында кей жерлерде жел — 18 м/с. Түнде және таңертең Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман.
Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында төтенше өрт қаупі бар. Күндіз Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында аптап ыстық.