Оқиға

Оңтүстік Қазақстанда жол апатынан бес адам қаза тауып, бесеуі зардап шекті

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апаты салдарынан бес адам оқиға орнында қаза тауып, біреуі ауруханаға апара жатқанда көз жұмған

АСТАНА, 17 маусым — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысында Mercedes пен "Жигули" соқтығысып, салдарынан бес адам қаза тапты, тағы бес адам зардап шекті, деп хабарлады өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі сенбі күні.

Алматыда көлік аударылып түсті - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда автокөлік қоршауды қиратып, аударылып түсті

17 маусым күні шамамен сағат төрт кезінде Ордабасы ауданы Шымкент — Самара тас жолында Lada жеңіл көлігі мен Mercedes соқтығысқан. Оқиға орнына ОҚО ІІД басқармасының қызметкерлері аттанды.

Полицейлер анықтағандай, жол апаты салдарынан екі көліктің жүргізушілері, Ордабасы және Бәйдібек аудандарының 1990 және 1995 жылы туған тұрғындары, "Лада" көлігінің 1990 және 1989 жылы туған жолаушылары оқиға орнында қаза тапты. "Лада" көлігінің үшінші жолаушысы 45 жастағы ер адам ауруханаға апара жатқан жолда көз жұмды.
Mercedes-220 автокөлігінің 19-22 жас аралығындағы бес жолаушысы әртүрлі жарақатпен Ордабасы аудандық ауруханасына жеткізілді.

Жол апаты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, бірнеше сараптама тағайындалған. Сот алды тергеу ісі жүргізілді.

Жаңалықтар
0