Қоғам

Комиссар: Ресей айсбергіне жұрт қаумалап, тіпті жалап алғысы келгендер бар

© Sputnik / Болат ШайхиновАйсберг
Айсберг - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Ресей павильонына халықтың көп жиналу себебі белгілі болды. Ресей өкілдері о баста павильонның келушілер арасында танымал болатынына сенімді еді. Айтқандары айдай келді
Утомленные жарой гости ЭКСПО-2017 пытаются лизнуть российский айсберг

Белгілі болғандай, ұйымдастырушылар Астанадағы аптап ыстықты ескеріп, келушілердің жағдайын дұрыс ойластырған екен.

Биіктігі төрт метр айсбергті сақтау үшін ауа температурасы төмен сақталатын Ресей павильоны келушілерді салқын леппен қарсы алады, сол себепті қонақтар "арқтикалық суық аймаққа" енуге асық.

"Астананың аптап ыстық жазында Ресей павильонына келуші барлық қонақ Орыс Арктикасы әлеміне еніп кетсе деген едік. Ыстықтан шаршағандардың жаны жай табар мекен болар деп ойладық. (…) Айсбергті бәрі ұстап көргісі келеді, кейбіреулер жалауға да тырысты", — деп хабарлады "ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Ресей" бас комиссарының орынбасары Антон Атрашкин Sputnik Қазақстанға.

Жаңалықтар
0