Экономика

Елбасы: Қазақстан ЖІӨ-сінің өсімі 2017 жылы 4% шегіне болады

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтутиындар
тиындар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ағымдағы жылғы бес айының қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 4,1%-ды құрады

АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсімі 2017 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 4 пайызды құрауы тиіс, деп мәлім етті жұмады ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 

"Жағымсыз сыртқы факторларға қарамастан, 2017 жылы біз ел ЖІӨ-сінің өсімі 4% шегінде болады деп болжап отырмыз", — деді Назарбаев астаналық экономикалық форумның жалпы отырысында. 

Үкімет деректеріне сәйкес, Қазақстанда 5 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 4,1%-ды құрады. 


Жаңалықтар
0