АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында перзентханадан шығарылған жаңа туған сәби үйге қайтар жолда көлікте шетінеді, деп хабарлайды "Мой город" ақпараттық порталы.
Өңірдің денсаулық сақтау басқармасында хабарлағандай, 8 маусым күні 19 жастағы жаңа босанған әйел дені сау сәбиді дүниеге әкелді. Қыздың салмағы 3 келі, бойы 50 сантиметр болған. Босану кезінде ешқандай қиындық болмаған. Екі күннен кейін анасы мен сәбиі перзентханадан шығарылған.
Перзентханадан шыққаннан кейін жас ата-ана көлікпен Бөкейорда ауданындағы Мұратсай кентіне жол тартқан. Жолда жауын басталып, тас жолды су шайып кетіп, жол ұзарып кеткен. Жолда сәби кенеттен шетінеді. Сараптаманың алдын ала нәтижелері бойынша сәбиде жол ұрып тастаған. Бүлдіршін құсығына қақалып қалады.
Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда ауданы облыс орталығы Орал қаласынан – 500 шақырым жерде орналасқан.