Оқиға

"Қазақстан инжиниринг" төрағасы бұрынғы орынбасарының бұлтартпау шарасы өзгертілді

© AP Photo / J Pat Carterқамауға алу
қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясының бұрынғы топ-менеджері 16 тамызға дейін үй қамауында болады

АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Сот "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы төрағасының бұрынғы орынбасарын Қанат Сұлтанбековтің бұлтартпау шарасын үй қамауына өзгертті, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Астана сотының баспасөз қызметінде. 

"№2 Есіл аудандық соты Қанат Сұлтанбековке қатысты қамауда болу бұлтартпау шарасын үй қамауына өзгерту туралы өтінішті қанағаттандырды", — деді сотта. 

Үй қамауында болу мерзімі 2017 жылғы 16 тамызға дейін белгіленді. Қазақстан ҰҚК Сұлтанбековті 22 ақпанда Астанада ұстады. Қылмыстық істің қандай бап бойынша қозғалғаны туралы хабарланбайды.  

Үй қамауында болатын күдікті белгілі бір адамдармен (олардың тізімін қылмыстық қудалау органы бекітеді) сөйлесе алмайды, хат-хабар жібере де, ала да алмайды, телефонмен сөйлеспейді, сондай-ақ үйден шықпайды. 


Жаңалықтар
0