Қоғам

Қазақстанда үздік мемлекеттік қызметкерлер анықталады

© SputnikМемлекеттік қызметкер
Мемлекеттік қызметкер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда 23 маусым күні Мемлекеттік қызметкер күні атап өтіледі

АСТАНА, 16 маусым — Sputnik. Қазақстанда жарияланған байқау қорытындысы бойынша елдің ең үздік мемлекеттік қызметкерлері таңдалады, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Астана, казахстанцы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Cағадиев ата-аналар жиналысына мемлекеттік қызметшілерді босатуды сұрады

"Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметкері" республикалық байқауы 10 мамырда жарияланған болатын және 6 номинация бойынша өткізіледі. Номиниацияларға басшылар да, қатардағы мемлекеттік қызметкерлер де ұсынылған. Байқауға 51 мемлекеттік орган өкілінен 307 сұраным қабылданды.

"7 және 10 маусым аралығында президент жанындағы мемлекеттік басқарма академиясының тәуелсіз сарапшылары қатысушылардың эсселерін бағалады. Бағалау әділ болуы үшін эсселерде қатысушылардың аты-жөні көрсетілмей, тек нөмірмен белгіленді", — делінген жарияланған хабарламада.

Эссе нәтижелері бойынша келесі кезеңге 41 қатысушы өтті, олардың ішінде орталық мемлекеттік органдар мен министрліктерден 17 адам, ал қалған 24 қатысушы өңірлерде қызмет етеді.

Байқау жеңімпаздарын байқау комиссиясы анықтайды. Оны басқаратын ҚР Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков.

Жаңалықтар
0