Өңірлер

Алматы тұрғыны көп қабатты үйдің қисайғанын айтып шағымданды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуТұрғын үйлер
Тұрғын үйлер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оңтүстік астана тұрғындары көп қабатты үйдің ахуалына алаңдайды

АСТАНА, 16 маусым — Sputnik. Алматы тұрғындары аудандарындағы көп қабатты үйдің бір жағына ауып, қисайғанын айтып шағымданды.

Үй 2012 жылы салынған, Алматы-1 теміржол вокзалы ауданында орналасқан.

"Апырай! Көрші үйіміз қисайып кеткен. Анам кешкісін құтқарушылар мен әкімдіктен кісілер келді дейді. Әзірше таспамен қоршап қойыпты", — деп жазды Алматы тұрғыны Facebook желісінде.

Бұдан бұрын мұндай төтенше жағдай Алғабас шағын ауданында болған еді — 2016 жылы маусымда тұрғын үй бір жағына ауып, қисайған. Дәл осы жайт биыл мамыр айында басқа үйде қайталанған.

Жаңалықтар
0