Экономика

Қазақстан т/ж инфрақұрылымы сапасы бойынша алдыңғы 30 ел қатарына кіреді

© АО "НК "Қазақстан темір жолы"темір жол
темір жол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанадағы АЭФ аясында New Silk Way бизнес форумы өтіп, онда Қазақстанның көлік-логистикалық мүмкіндіктерін ұсынды

АСТАНА, 15 маусым — Sputnik. Қазақстан БЭФ (Бүкіл әлемдік экономикалық форум) мәліметінше, теміржол сапасы жөнінен 136 елдің ішінде 26 орында тұр, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Астанада өткен New Silk Way бизнес форумы барысында. 

15 маусымда оныншы Астана экономикалық форумында төртінші Халықаралық көліктік-логистикалық "New Silk Way" бизнес форумы "Еуразиялық трансқұрлықтық бағдардағы көлік-логистикалық жүйесі дамуының жаңа кезеңі. Жаңа экономикалық кезеңдегі ғаламдық бәсекелестік" тақырыбымен өткізілуде.

Бизнес форумға ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин, ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Қытай, БАЭ, Ресей, Иран, Грузия, Литва, Молдова, Украина, Польша теміржол   әкімшіліктерінің басшылары, шетелдік көлік-логистикалық компанияларының, банкілерінің, сарапшылар тобының өкілдері қатысуда.

"Қазақстан Еуразиялық көлік жүйесіне ықпалдасуды қолдап қана қоймай, оның дамуына сүбелі үлес қосып келеді", — деп атап өтті ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары А. Мамин.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен "Нұрлы жол" және "100 нақты қадам" Ұлт жоспарына сәйкес, трансқазақстандық бағдарларының көлік-логистикалық инфрақұрылымдарын жаңғыртып, кедергілерді еңсеруге мүмкіндік әпереді.

"Көлік дәліздерінің бәсекелестігін қамтамасыз ету өз кезегінде құрлық арқылы транзиттік тасымалға қатысушыларының қызметін үйлестіру мен өзара тығыз қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады",-деп атап өтті А. Мамин.

Ол сондай-ақ Шығыс-Батыс, Солтүстік-Оңтүстік бағдарларымен тасымалды дамытудың Бірлескен көлік-логистикалық компаниясы (БКЛК) және Транскаспий халықаралық көлік бағдарымен (ТХКБ) табысты жүргізіліп отырғандығына тоқталды. 

Трансқұрлықтық бағдардағы нарыққа қатысушылар мен серіктестердің жүк ағындарын орналастыру мен таратуда КЛО құрудың маңызы зор болғандығы оның тиімділігінен көрініп отыр.  Мәселен, қысқа мерзімде ғана Шығыс-Батыс бағдарындағы контейнерлік транзиттік тасымал бірнеше есеге артты. Жүктердің жаңа түрлерімен толығып, жаңа көліктік бағдарлар ашылды.

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасарының айтуынша, "Бүкіләлемдік экономикалық форум мәліметіне қарғанда, теміржол инфрақұрылымының сапасы жөнінен Қазақстан 136 елдің ішінде 2016 жылғы қорытынды бойынша 26 орында тұр".

Бизнес форум аясында бірқатар тақырыптық сессиялар өткізілді. Оның ішінде: "Жаңа Жібек жолы: Шығыс-Батыс бағдары теңіз бен құрлықтың арасындағы тарихи бәсекелестік", "Көлік инфрақұрылымы: қуып жетіп, басып озамыз", "Көлік –логистикалық операторлардың өзара әрекеттестігі. Мультимодальдық тасымал. Транзит. Табыс. Қатерлер. Болашағы" деген тақырыпшаларға бөлінді.

Тақырыптық сессияларда "DP World" компаниясы Директорлары кеңесінің төрағасы Сұлтан Ахмед бин Сулайем, "Әзірбайжан темір жолдары" ЖАҚ төрағасы Джавид Гурбанов, "Грузия темір жолдары" АҚ Бас директоры Мамука Бахтадзе, Ченду қаласының мэрі Ло Цян, "РТЖ" ААҚ бірінші вице-президенті Александр Мишурин, "Ляньюньган порты МК" ААҚ президенті Чжу Сяньян, Румынияның көлік министрлігінің мемлекеттік хатшысы Мария Григоре, "БКЛК" АҚ президенті Алексей Гром сөз сөйледі. 

Бизнес форум қатысушылары әлемдік, еуропалық, азия нарығындағы жайлардың трансқұрлықтық бағдарлардағы тасымалды дамытуға әсері, мультимодальдық тасымалдаудың тиімділігін көтеру, халықаралық дәліздерді дамытудағы мемлекеттің ролі, аймақтық көлік логистикалық инфрақұрылымды дамытудағы инновациялық шешімдер туралы толғаныстарын ортаға салды.

Халықаралық көліктік-логистикалық "New Silk Way" бизнес форумын "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ ұйымдастырды.

 

 

 

Жаңалықтар
0