Әлем

Қытай балабақшасының маңында жарылыс болды, қаза болғандар мен жарақат алғандар көп

© REUTERS / Thomas PeterҚытай полициясы
Қытай полициясы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиғаның мән жайы әзірге белгісіз

АСТАНА, 15 маусым — Sputnik. Бейсенбіде Фэн уезінің Сюйчжоу қаласындағы бала бақша маңына кіреберісте жарылыс болды, деп хабарлайды РИА Новости Қытайдың орталық телевидениесіне сілтеме жасай отырып. 

Қазіргі уақытта жарылыстан жеті адам қаза тапты: екеуі оқиға орнында, бесеуі ауруханада көз жұмды. 60-қа жуығы зардап шекті.

Жарылыс жергілікті уақытпен сағат 19.45-те (Астана уақытымен 14.50-де) орын алды.

Жарылыс себептері әзірге белгісіз. 


Жаңалықтар
0