АСТАНА, 15 маусым — Sputnik. Тікелей эфир кезінде Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннен немерелері – олардың есімдері мен жасы туралы сұрады.
"Менің балаларым, қыздарым қауесеттерге қарамастан, осында, Ресейде, Мәскеуде тұрып жатыр. Немерелерім де бар. (…) Таяуда екінші немерем өмірге келді. Олар да қарапайым өмір сүріп жатыр. Қыздарым ғылыммен, білім берумен айналысады. Ешқайда араласпайды, ешқандай саясатқа", — деді Путин.
Оның сөзіне қарағанда, оның балалары "қатардағы адамдар" секілді өмір сүруде.
"Немерелеріме келер болсақ, кейбірі балабақшаға да барып жүр. Олар бір ханзадалар сияқты емес, қарапайым болып өскенін қалаймын. Ол үшін олар қарапайым балалармен араласқаны жөн", — деп қосты президент.
Ресей басшысының атап өтуінше, ол немерелерінің есімдері мен жасын атайтын болса, оларды бірден анықтап алып, "оларға маза бермейді". "Бұл баланың дамуына зиян келтіреді. Мені дұрыс түсініп, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын", — деп түйді мемлекет басшысы.