АСТАНА, 15 маусым — Sputnik. Мақсат Үсенов "Эйр Астана" әуекомпаниясының "сұр тізіміне" енді, деп хабарлайды әуе тасымалдаушының баспасөз қызметі.
Алматыда ұлттық әуе тасымалдаушысының президенті Питер Фостердің төрағалымен "Эйр Астана" әуекомпаниясының ұшу қауіпсіздігі комитетінің отырысы өтті. Жиналыста 2017 жылғы 4 маусымда орын алған Мақсат Үсеновке байланысты оқиға талқыланды.
Мақсат Үсенов 160 мың теңгеден астам салық қарызы бола тұра "Эйр Астана" ұшағының бортына болған, бұл ретте ол өзін дөрекі ұстап Бангкок әуежайында таиландық полициямен әкетілген.
"Комитет шешіміне сәйкес, әуе кемесі, экипаж бен жолаушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдай жасап, әдеп ережелерін бұзғаны үшін Мақсат Үсенов "сұр тізім" деп аталатын жүгенсіз жолаушыларды бақылау тізіміне енді", — деп хабарлады баспасөз қызметіне.