АСТАНА, 15 маусым — Sputnik. Астана әкімі Әсет Исекешев елордалық он дәрігерге пәтер кілтін тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Сіздердің шипалы алақандарыңыз, мейірімді көздеріңіз бізге әрқашан қажет. Игілікті еңбектеріңіз, өз кәсіптеріңізге деген адалдақтарыңыз, адам өмірін сақтауда жасап отырған қызметтеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін", — деді Исекешев.
Осыдан кейін Астана әкімі он дәрігерге пәтер кілтін табыс етіп, бұл шараның игі дәстүрге айналатынын айтты.
Бұдан бөлек, Исекешев бірқатар медицина қызметкеріне алғыс хаттарын тапсырды.
Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов құттықтау сөз сөйлеп, үздік дәрігерлерге төс белгілер табыс етті.