АСТАНА, 15 маусым — Sputnik. Әзербайжан халықаралық банкіне салынған қаражат түгелдей қайтарылады. Бұл туралы "Астана" халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов Астана экономикалық форумы кезінде хабарлады.
"Енді бұл мәселе халықтың алаңдаушылығын туғызбайды деп ойлаймын. Бүкіл қаражат түгелдей қайтарылады, сол үшін өзім мүше болып отырған зейнеткерлік қорды құттықтағым келеді", — деді Келімбетов.
Ол БЖЗҚ директорлар кеңесіне не үшін қабылданғанын айтып берді.
"Неге директорлар кеңесі мүшесімін дейсіз бе? Себебі қор құрылымын қайта қарау жұмысына о бастан қатысып келемін. Қайта құрылымдау бойынша тәжірибелі адамдар Қазақстанда көп емес. Сол себепті үкімет маған өтініш жасады. Қаражат түгел қайтарылады. Үкіметтің бүгінгі ұстанымы осындай", — деп түсіндірді ол.
Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстан 71 миллиард теңгеден астам қаражат салған Әзербайжан банкі банкрот болған еді.