Қоғам

Венгриялық туристер ЭКСПО-ға атпен келмекші

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАт
Ат - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Венгриядан келген қонақтар бұдан бұрын да атқа мініп, Қазақстанды аралаған көрінеді

АСТАНА, 15 маусым — Sputnik. Венгриялық саяхатшылар Ласло Цако мен Иштван Бенезе Қазақстанды көріп, халықтардың мәдениетін насихаттау үшін Ақтаудан Астанаға дейінгі 2,5 мың километрден астам қашықтықты атпен жүріп өтпекші, деп хабарлайды "Лада" жергілікті басылымы.

ЭКСПО-2017-дегі БАӘ павильоны - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ЭКСПО-ға келушілер Әмірліктерге жолдама ұтып ала алады

Туристер венгр ұлттық киімімен саяхаттап жүр, олардың мақсаты екі елдің қарым-қатынасын нығайту.

"Қазақстан мен Венгрия — бауырлас халықтар. Біз қарым-қатынасымызды нығайтып, осы таңғажайып ел табиғатының сұлулығын тамашалап, өз мәдениетімізді танытқымыз келеді. Сол себепті көлікке емес, атқа мініп саяхаттаймыз. Оның үстіне, ата-бабаларымыз көне заманнан бері ат құлағында ойнаған. Біз XI ғасырдағы венгр ұлттық киімін киіп жүрміз. Бұл дәстүрді халыққа неғұрлым көбірек көрсеткіміз келеді", — деді Иштван Бенезе басылымға берген сұхбатында.

© Photo : "Лада" өңірлік басылымыВенгриялық саяхатшылар Ласло Цако мен Иштван Бенезе
Венгриялық саяхатшылар Ласло Цако мен Иштван Бенезе - Sputnik Қазақстан
Венгриялық саяхатшылар Ласло Цако мен Иштван Бенезе

Саяхатшылар алыс сапарға атпен алғаш рет аттанып отырған жоқ — Иштван Бенезе 2010 жылы Алматыдан Будапештке дейін атпен барған, ал 2012 жылы — Будапешттен Астанаға дейін.

Жаңалықтар
0