Оқиға

Қарағанды орталығындағы жол апатынан екі ер кісі қаза тапты

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағандыда ажалды жол апаты болды

АСТАНА, 15 маусым — Sputnik. Болжам бойынша Бұхар жырау және 15 магистраль көшелерінің қиылысында ГАЗель жүргізушісі жеңіл көлікке жол бермеген, BMW екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Қарағанды облысы ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Кудияров. 

Полицияның ақпаратына сәйкес, жол көлік апаты Бұхар жырау және 15 магистраль көшелерінің қиылысында сәрсенбі күні 22.20-да орын алған. Алдын ала болжам бойынша, ГАЗель   көлігінің жүргізушісі солға қарай Сарань шоссесіне қарай бұрылыста Бұхар жырауға қарай бара жатқан BMW көлігін өткізбей қойған. Салдарынан жол апаты орын алды. Жеңіл көліктің 1992 және 1994 жылғы екі жолаушысы алған жарақаттардан көз жұмды. 

ГАЗель жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. 

"ЖКО дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды", — деп хабарлайды Күдияров. Полиция аталған дерек бойынша тергеу жүргізуде. 


Жаңалықтар
0