АСТАНА, 15 маусым — Sputnik. Қарағандының орталығында "1000 ұсақ-түйек" шаруашылық дүкені өртенді. Жедел қызметке тұтану туралы хабарлама сәрсенбі күні 22.56-да келіп түсті. Сағат түнгі 1-лершамасындда оқиға орнында 20 бірлік техника мен 80-ге жуық адам өртпен күресті.
"Оқиға орнына полиция орталық бөлімшесінің бүкіл жеке құрамы мен жол полициясы полкінің қызметкерлері кетті. Құқыққа қарсы әрекеттерді алдын алып, зардап шеккендердің мүлкін қорғау үшін оқиға орнына полицияның қосымша күштері мен құралдары жіберілді", — деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Қарағанды облысы ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Кудияров.
Қазіргі таңда өрт орнына посттар қойылып, жолдар қоршауға алынды. 15 маусым сағат 01.00- өртті жою жалғасып жатқан.