ЕҰУ студенттерінің өлімі: кім кінәлі және әрі қарай қалай өмір сүруге болады

© Sputnik / Айгюзель Кадирқаза тапқан ЕҰУ студенттері
қаза тапқан ЕҰУ  студенттері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен жылғы қыркүйекте екі студент Астанадағы тұрғын кешеннің 20-шы қабатынан құлады

АСТАНА, 14 маусым — Sputnik. Өткен жығы күзде Серік Бағланов жалғыз ұлы Ұлықбектен айырылып қалды. 2016 жылғы 16 қыркүйекте елордалық "Айнұр Астана" ТК құрылыс нысанында көтергішің құлауынан Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің екінші курс студентінің өмірі қиылды. 

20-шы қабаттан құлау оның досы Талғатқа да мүмкіндік қалдырмады. Серік Бағланов Sputnik Қазақстанға кімнің кінәлі екені мен басты күдіктінің қайда жасырынып жүргені туралы айтып берді. 

- Қайғылы жағдай туралы қай кезде білдіңіз? 

— Балалардың көз жұмғаны туралы өте кеш білдік. Куәгерлердің айтуынша, оқиға таңғы сағат он бірде болған. Біз ол туралы 22.20-де естідік. Бізге Астана қаласы ІІД тергеу басқармасының бөлім басшысы Артықов Қайрат телефон соқты. Одан кейін бес минут өткен соң "Айнұр Астана" ТК бас директоры Рамазанов Мансұр хабарласты. Балалардың құрылыста қаза табуына қатты өкінетінін және барлық шаралар қабылдан жатқанын айтты. Баламнан айырылып отырған кезде маған олардың шараларының не қажеті бар еді? Неліктен бізге ол туралы кеш хабарлады. Жауап жоқ. 

Оқиға орнына келген "жедел жәрдем" есеңгіреп қалған. Ол жерде балаларымыз жалғыз жатқан. Ол кезде барлық жауапты тұлғалар қайда болды? Олар не істеді? Мені бұл мәселе іштей жейді. Біздің балаларымыз ит құрлы болмағаны ма? Не үшін "жедел жәрдемнің" жауабы бойынша оқиға орнына алдымен олар келген, ал тергеу жедел тобы біз келдік деп отыр? Бұны қалай түсінуге болады? 

- Не үшін балалар құрылыс алаңында болған? Олар сонда жұмыс істейтін ба еді? 

— Жалпы бұл істе шикілік бар. Балалар қаза болған кезде ол жерде тағы бір жігіт болған, ол да ұлымның досы – Еркінбеков Әділ. Ол маған телефон соғып, оны құрылысқа апайы шақырып, құрылыс қоқысын жинауға көмектесуін өтінгенін айтты. Сотта ол бұл сөздерінен бас тартты. Менің ойымша Талғат пен Ұлықбек жәй ғана добына көмектеспек болған. Сол жере прораб па немесе тағы басқа біреу ме оларды 20-шы қабатқа көтерілуге мәжбүрлеген болар. Олар ол биіктікке екі жүз литрлік бөшкемен су көтерген, ал Еркінбеков басқару пультінде көтеруші болған. 

- Балалардың өліміне кім кінәлі және қандай жазаға тартылды? 

— Тым жеңіл жаза тағайындалды. Учаске бастығы Ахмеров Рамиль үш жылға қоныстану колониясына сотталды. Екі баланың өлімі үшін үш жыл. Міне біздің әділ сот!  Еркімбеков Әділ, ЕҰУ студент, 2 жыл 6 айға шартты мерзімге сотталды. Бала сот залынан бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын алып кетуі тиіс болатын. Жедел тергеу тобы іске салғырттық танытты деп ойлаймын. Постта периметр бойынша тіркелген бейне тіркегіштерді де алмаған. Біз балаларымыздан айырылдық, әділдікті де жоғалттық. 

- "Айнұр Астана" ТК бас директоры қандай жазаға тартылды? 

— Ол ешқандай жазаға тартылған жоқ. Ол қазір менің мәліметтерім бойынша Мәскеуде жүр. Студенттерді нысанға жақындатқан басты күдікті сол ғой. Меніңше ол жазадан жалтарып жүр. Егер ол кінәлі болмаған жағдайдың өзінде, ата-анаға объективті тергеу жүргізуге көмектессе болар еді. Өмірді енді бастаған екі баланың қазасы соның арында деп санаймын. Оның міндетін уақытша Анар Әлжанова атқарған. Ол да қайғылы оқиға орнында болған. Ол қылмыстың құрамы болмағандықтан жазаға тартылмады. Бірінші инстанция сотында өзін дөрекі ұстап, менің туыстарыма "қолын шығарды". 

- ІІМ министрімен болған есептік кездесуде сіз Қамұханбет Қасымовқа істің ара жігін ашуды талап етіп жүгіндіңіз. Ол сізге қандай жауап қайтарды? 

— Қасымов: "Кездесу аяқталған соң, тергеу бөлімінің жетекшісі Әміровке жақындап, өтініш қалдырыңыз. Ол маған баяндайды" деді. Бірақ Әміровтің өзі кездесуден кейін кетіп қалды. Егер министрдің адамгершілігі болса, генерал-полковниктің погонын бекер тағып жүрмеген болса, меніңше, барлығының бет пердесін ашып, заңның бір әрпін де бұлжытпауға болады.  

P.S. Қайғылы оқиға орын алғалы бері тоғыз ай дерлік өтті. Бірақ Серік Бағлановтың отбасы тап болған әділетсіздіктен жүрегі әлі де қан жылайды. 

- Ұлыңыз қандай болды? 

— Ол өте көңілді әрі жайдары болатын. Барлық жағынан дарынды, ақылды болатын. Мен оны кішіпейіл етіп тәрбиеледім. Ол үнемі әлсіздерге көмектесіп, ықылас танытып жүретін. Бәлкім сол күні ол бар болғаны досының көңілін қимаған болар. Міне ол неге әкеліп соқтырды. Қазір қыз тәрбиелеп отырмын, 11 сынып бітірді. Қарындасының ағасыз өспеуі керек еді. 


Жаңалықтар
0