АСТАНА, 14 маусым — Sputnik. Терроризмге қатысы бар адамдар мен ұйымдардың тізім шықты, деп жазады muslim.kz.
Сауд Арабиясы, БАӘ, Бахрейн және Мысыр елдері бірлесе отырып әлемдегі орын алып жатқан терроризмге қатысы бар деген 59 адам мен 12 ұйымның тізімін жасап шығарды. Бұл тізім соңғы уақытта араб түбегіндегі мемлекеттердің Катар елін терроризмді қолдады деген тұжырымынан кейін әзірленген көрінеді.
Аталмыш тізімдегі тұлғалардың басым көпшілігінің ұлты мысырлық пен катарлық болып отыр. Тізімде аты аталған азаматтар әлемге үрей салған терроризмді қолдаушы әрі қаржыландырушы деп көрсетілген.
Бұдан бөлек, Катар, Бахрейн, Ливия елдерінде терроризмді қолдайтын 12 ұйым анықталып, аталмыш тізімге енгізілген.