АСТАНА, 14 маусым — Sputnik. Қазақстандық шекарашылар Қазақстанға гаджет бөлшектерін арбамен тасымақ болған контрабандашыны ұстады, деп хабарлайды республиканың Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі.
"Қорғас" өткізу бекетінің жасағы 30 жастағы Қазақстан азаматын ұстады, ол ұялы телефондарға арналған мыңнан аса дисплей және салмағы 1 центнерден астам микросхемаларды заңсыз тасымақ болған.
Ұсталған азамат "Қорғас" халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығынан Қазақстанға жаяу келе жатқан. Арбаға тиелген жүкті тексеру барысында гаджет бөлшектері табылыпты.
Өзара іс-әрекет ететін орган өкілдеріне хабар берілді.