АСТАНА, 14 маусым — Sputnik. Өскемен қаласының басшысы Қуат Тумабаев тұрғындардың шағымынан соң Үлбі өзенінің жағасындағы үйсіз-күйсіздер жиналған жерге барды, деп хабарлайды YK-news.kz.
Порталдың мәліметіне сүйенсек, баспанасы жоқ қаңғыбастар Астана көшесіне жиналып, ішімдік ішіп, жергілікті тұрғындардың үрейін туғызған.
Қала басшысы Өскеменнің полиция басшысы және прокурормен бірге сол жерге барып, үйсіз-күйсіз адамдарды Глубоковское ауданы Белоусовка ауылындағы бейімдеу орталығына жөнелтті.
© Photo : YK-news.kzӨскемендегі үйсіз-күйсіздер жиналған жер
Өскемендегі үйсіз-күйсіздер жиналған жер
© Photo : YK-news.kz