АСТАНА, 14 маусым — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын мен найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.
Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде күндіз жел 17-22 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерінде түнде және таңертен тұман болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с күшейіп, таңертен және күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз шаңды дауыл мен жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.