АСТАНА, 13 маусым — Sputnik. Степногорскіде жеткіншектер ойнап жүріп, өртеніп кеткен ер адамның денесін кезіктірген, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ішкі істер департаментінде.
Степногорск ішкі істер басқармасына 12 маусым күні 2003 жылы туған жеткіншектен хабарлама түсті.
"Қаланың темір жол станциясынан 150 метр жерде, жылу трассада жеткіншек кенеттен ер адамның денесін кезіктірген. Өртеніп кеткен мүрдені полиция сараптамадан өткізу үшін мәйітханаға жіберді, жеке басын анықтауға арналған іс-шаралар жүргізілуде", — деп хабарлады полицияда.
Дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.