Қоғам

Шпекбаев: Ли Куан Ю жемқорларға «қамқор» басшылар туралы дұрыс айтты

CC0 / Ivana Divišová / жемқорлыққа батқан мемлекеттік органдардағы жағдайға Сингапурдың негізін қалаушы Ли Куан Юдің меморгандар басшыларының жемқорлықты жасыруы туралы айтқан сөзі дөп келеді.
жемқорлыққа батқан мемлекеттік органдардағы жағдайға Сингапурдың негізін қалаушы Ли Куан Юдің меморгандар басшыларының жемқорлықты жасыруы туралы айтқан сөзі дөп келеді. - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соңғы 15 жылда сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша 10 мыңнан астам адам сотталған

АСТАНА, 13 маусым. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аңнан астам адам сотталғангенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтің пікірінше, жемқорлыққа батқан мемлекеттік органдардағы жағдайға Сингапурдың негізін қалаушы Ли Куан Юдің меморгандар басшыларының жемқорлықты жасыруы туралы айтқан сөзі дөп келеді.

Пара - Sputnik Қазақстан
Экономика
Еліміздегі ең жемқор министрліктер мен облыстар жарияланды
 "Мемлекеттік органдардың басшыларына көп өкілеттік берілген, бірақ өздері тағайындайтын қызметкерлердің жүйелі сыбайлас жемқорлық заңбұзушылықтары үшін дербес жауапкершілігі жоқ. Осы ретте Сингапур көшбасшысы және негізін қалаушысы Ли Куан Юдің мына сөзін айта кеткен жөн болар: "Егер жоғарыда отырған адамдар жемқорлық схеманың барын білмесе, онда оларды жасырып отыр деген сөз", — деді Шпекбаев үкімет отырысында. 

"Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай адамдар көп ретте сол жемқорлық схеманың өзінде отырады", — деп қосты ол. 

Шпекбаевтың айтуынша, мемлекеттік органдар мен мекеме басшыларының жемқорлық тәуекелдерді жоюға өте аз қызығушылық танытуы немесе қабілетсіздігі осының дәлелі болып отыр. 

"Мына фактіні басқаша түсіндіру қиын: 20 мемлекеттік орган ішкі талдау жұмыстарының нәтижесі бойынша жемқорлық тәуекелдер анықталған жоқ деп есеп берді. Әр мемлекеттік органның өз тексерісін жүргізуге мүмкіндігі бар. Бірақ тексерістер жүргізген кезде нәтиже болмайды. Қоғамдық кеңестер институты бар, бірақ олардың жемқорлықпен күресте ешқандай үлесі жоқ. Мемлекеттік органдар жанынан құрылғанына екінші жыл болған қоғамдық кеңестерде бірде-бір рет жемқорлық мәселесі талқыланбаған",  - деді ол. 


Жаңалықтар
0