Экономика

Екі қазақстандық әуе компания Еуропаға ұшуға рұқсат алды

© Sputnik / Денис Абрамов / Медиабанкке өтуұшақ
ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
EASA "Эйр Астанадан" бөлек тағы екі қазақстандық әуе компанияға Еуропаға ұшу рұқсатын берді

АСТАНА, 13 маусым — Sputnik. "Эйр Астана" АҚ-нан бөлек Қазақстанның тағы екі әуе компаниясына Еуропаға ұшу туралы рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚР инвестиция және даму министрлігінің азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі. 

Биыл 1 маусымда "PrimeAviation" АҚ мен 12 маусымда "KazAirJet" АҚ әуе компаниялары EASA-дан (Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық Авиациялық Агенттік) барлық қажетті процедуралардан сәтті өткендері туралы және еуропалық талаптарға сәйкес келетіндігі жөнінде жазбаша рұқсат алды.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 8 желтоқсанында Еуропалық комиссия барлық қазақстандық әуе компаниялардың Еуропаға ұшуларына шектеу қойып тастаған болатын.

Бүгінгі күні "қара тізімде" қазақстандық әуе компаниялар жоқ. 

Астана әуежайы - Sputnik Қазақстан
Экономика
Астанадан аттанатын үш жаңа халықаралық рейс іске қосылады

Еуропалық Одаққа үшінші елдерден рейстерді жүзеге асыру мақсатында 2014 жылдың сәуір айында Еуропалық комиссия үшінші елдер экслуатанттарының авторизациядан міндетті түрде өту талабын енгізген болатын.

Аталмыш авторизациялау процедурасын Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық Авиациялық Агенттігі жүзеге асырады (EASA). Эксплуатантты авторизациялау процедурасына сәйкес, Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі еуропалық авиациялық агенттігіне (EASA) рейсті орындардың алдында ертерек тапсырыс беріп қою керек.

"SCAT" әуе компаниясы алғашқы авторизация тапсырысын 2015 жылдың 25 мамырында берген.

Өткен жылдың соңында қазақстандық әуе компаниялар үшін Еуропаға ұшуға қойылған шектеу ресми түрде алынып тасталғаннан кейін 2017 жылдың 11 сәуірінде EASA пен "SCAT" АҚ өкілдерінің техникалық-кеңестік кездесуі болды.

Сараптама нәтижесі бойынша EASA "SCAT" әуе компаниясына бірқатар ескертулер жасады. Эксплуатант ескертуге сәйкес тиісті жұмыстар атқарып, кемшіліктерді жоятын болады.

Осылайша, бүгінгі күні отандық "AirAstana" АҚ, "PrimeAviation" АҚ және "KAZ AIR JET" АҚ әуе компаниялары EASA авторизациясынан сәтті өтіп шықты.

Жаңалықтар
0