Қоғам

ҚР СІМ Қырым бейнеленген Ресей картасына қатысты түсініктеме берді

© Sputnik / Болат ШайхиновИнсталляция
Инсталляция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Украина елшілігі Қырым бейнеленген Ресей картасына қатысты наразылық білдірген болатын

АСТАНА, 13 маусым — Sputnik. ҚР Сыртқы істер министрлігінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді Astana Art Fest фестивалінде Қырым қосылып бейнеленген Ресей картасына қатысты мәселені саясиландырмауды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біріншіден, бұл оқиғаны саясиландырудың қажеті жоқ. Бұл инсталяция бір шығармашылық ұжымның туындысы. Тиісінше, ешқандай саяси пиғыл болған жоқ. Суретшілер саяси жағына мән бермей, шығармашылық тұрғыдан келген сияқты. Олар өз кәнісін мойындап, Украина елшілігіне кешірім сұрап ресми хат жіберді", — деді Тілеуберді БАҚ өкілдеріне.

ЭКСПО-ның ең қызық мәдени шаралары - Sputnik Қазақстан
Инфографика
ЭКСПО-ның ең қызық мәдени шаралары

Айта кетейік, фестиваль аясында Астанада түрлі мемлекеттердің картасы мен нышаны бейнеленген мүсіндер орнатылған болатын. Осыдан кейін Украина елшілігі Facebook-тегі ресми парақшасында Украина мен Ресейдің картасына қатысты наразылығын білдірді.

"Астанада Нұржол желекжолында Astana Art Fest фестивалі аясында Украина картасы аумақтық тұтастық жағынан бұзылған. Ресей картасы Украинаның мемлекеттік егемендігінің бұзылуы белгілерімен бейнеленген. Украина тарапы ҚР Сыртқы істер министрлігінен түсініктеме мен әрекет күтеді", — деп жазылған елшіліктің парақшасында.

Жаңалықтар
0