Өңірлер

ЭКСПО аумағында көліктерді қалай әрі қай жерге тұраққа қоюға болады?

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтутұрақ белгісі
тұрақ белгісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлы дала және Мәңгілік ел даңғылдары қиылысында 140 орынға арналған халықаралық автобустар үшін тұрақ бар. ЭКСПО қалашығында тұратындарға 1480 орынға арналған арнайы аумақ қарастырылған, такси тосуға арналған аумақтарда 85 орын бар.

АСТАНА, 12 маусым — Sputnik. ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесін өткізу аумағында қала тұрғындары мен қонақтары үшін 6 мыңға жуық көлік қоятын орын қарастырылды. Тұрар Рысқұлов көшесі жағында 4460 орын бар, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астана - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Астанада ақылы тұрақ орындары белгіленді

Бес тұрақтың аумағында ақылы тұрақ орындарының тарифтік саясаты қарастырылған. Алғашқы бір сағат немесе бір сағатқа толмайтын уақытқа көлік қою құны – 200 теңге, кейінгі әр сағатқа – 100 теңге. Сағат 16:00-ден 24:00-ге дейін көлік қоятын орынның бағасы – 2500 теңге. Кейінгі тәуліктерге тұрақты пайдалану – 2500 теңге тұрады. Билетті жоғалтып алған жағдайда жүргізуші 2500 теңге айыппұл төлеуге міндетті. Тағы 1700 орын Қабанбай батыр даңғылы жағында MEGA Silk Way ОСО аймағында қарастырылған. 

Ұлы дала және Мәңгілік ел даңғылдары қиылысында 140 орынға арналған халықаралық автобустар үшін тұрақ бар. ЭКСПО қалашығында тұратындарға 1480 орынға арналған арнайы аумақ қарастырылған, такси тосуға арналған аумақтарда 85 орын бар. Бұдан бөлек, көрме төңірегінде VIP көліктер, қызметтік және арнайы көліктер үшін арнайы тұрақ бөлінген. Көрменің халықаралық бюро комиссарлары мен серіктестері үшін көлік қою орындары қарастырылған. 

такси - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Елордалық такси ағылшынша "сөйлейді"

Алайда мамандардың айтуынша, ЭКСПО халықаралық көрмесін демалыс күндері өткізу кезінде көлік тұрақтарында орын жетіспеушілігі болуы әбден ықтимал. Сол себепті, көлік жүргізушілеріне қолалы болуы  үшін 14 тегін тұрақ қарастырылуда. 

Ол жерлерге кез келген жүргізуші жеке көлігін қойып, қоғамдық көлік және Shuttle Bus маршруттарының қызметін пайдалану арқылы көрме орталығына еш кедергісіз жете алады. Осы мақсатта 11 772 орын бөлінеді. Мұндай тұрақтар қаланың келесі аудандарында болады: Елорда циркі, "Қазақстан" СК, Оқушылар сарайы, "Астана-Арена" стадионы, "Барыс Арена", "Думан" СО, қалалық саябақ, Келісім және бейбітшілік сарайы, Мәңгілік ел және Тұран даңғылдары бойында, "Music Hall" мейрамханасы, "Алатау" СК, 31 көше, "Хан шатыр" СҮ.


Жаңалықтар
0