АСТАНА, 12 маусым — Sputnik. Батыс Қазақстан үстінде қалыптасқан циклондар, алдағы үш тәулікте республиканың орталық және солтүстік облыстары арқылы солтүстік-шығыс бағытына жылжитын болады, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.
Алайда, осы циклонға кіретін фронттар жүйесі аймақтың оңтүстік және оңтүстік-шығыс ауа-райына әсер етеді, ал 15 маусымда Қазақстанның шығыс облыстары да осылардың ықпалына түседі.
Осы аймақ тұрғындарын кей жерлерде өткінші жаңбыр мен найзағай және екпінді жел күтеді, ал солтүстікте бұршақ болуы мүмкін. Осы жаңбырға қарамастан, қазақстандықтарды жылыну күтуде, кей жерлерде ауа температурасы +30…+38 градусқа дейін жоғарылайды.