Астанада донорлық мәселесі бойынша бейнекөпір өтеді

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуДонор
Донор - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сейсенбі 13 маусым күні сағат 15.00-де Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Халықаралық донорлар күніне арналған Астана - Бішкек - Душанбе - Минск бейнекөпірі өтеді

Баспасөз мәслихатына қатысушылар осы саладағы мәселелер, оларды шешу жолдары және алдағы келе жатқан науқандар туралы сөз қозғайды.

Астанадан қатысушылар:

- Астана қаласы "Қазақстанның Қызыл Жарты айы" жобаларының координаторы Алтынай АХМЕТЖАНОВА.

Бішкекте:

— Қырғызстанның Қызыл Жарты айы денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сабина ИБРАИМОВА;

— "Елдегі еркіті және өтеусіз донорлықты дамыту" жобасының координаторы Бедел ТУРДУБЕКОВ

Душанбеде:

— медицина ғылымдарының докторы, Мәскеудегі Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қоғамдарының Халықаралық федерациясы аймақтық өкілдігінің басшысы Даврон МУХАМАДИЕВ.

Минскіде:

— Беларусь Қызыл Крест қоғамы Минск қалалық ұйымының төрайымы Елена ФАДЕЕВА.

Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығының мекенжайы: Қонаев көшесі, 12/1,ВП-12, (Сулы-Жасыл бульвар, "Бәйтерек" монументі жағынан кіресіз), этаж P1.

БАҚ аккредитациясы: +7 701 527 7007.

Жаңалықтар
0