АСТАНА, 12 маусым — Sputnik. Бір тергеу изоляторында отырған азаматқа қатысты алаяқтық жасағаны үшін Алматы тұрғыны бес жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Алматы Медеу аудандық №2 сотының баспасөз қызметі.
Сот анықтағандай, 2016 жылы сотталушы бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен тергеу изоляторында отырып, бір камерада отырған екінші азаматпен танысады. Екеуі тез достасып, сотталушы досына шартты түрде босап шығуға көмектесемін деп уәде береді.
2016 жылғы 13 қыркүйекте сотталушының өзі шартты түрде сотталып, сот залында қамаудан босастылады. Бостандықта жүргенде камералас жігіттің әжесімен танысып, немересіне көмектесу үшін төрт миллион теңге сұрайды. 2016 жылы қазанда сотталушы сонша көлемдегі қаражатты алып, өз қажетіне жаратқан, себебі "жолдасына" көмектесуге еш мүмкіндігі де, ниеті де болмапты.
Сот үкімімен сотталушы бес жарым жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді.