Спорт

Алматыда жанкүйерлер Дания футболшысының бас киімін ұрлап кеткен

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуПионе Систо
Пионе Систо - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға дат командасының жеңісінен кейін болған және видеоға түсіп қалыпты

АСТАНА, 12 маусым — Sputnik. Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Пионе Систоның бас киімін Алматыда ұрлап кетті. Оқиға қазақстандық командамен кездесуден соң қолтаңба беру кезінде болған.

"Жанкүйерлердің бірі қолтаңба беру кезінде бас киімді жұлып әкетті, оның орнына қазақтың оюлары кестеленген қалпақты беріп жіберіпті. Алайда сәлден соң бас киімді қайтарып берді. Бірақ өз қалпағын қайтып алған жоқ!", — деп жазды Instagram қолданушысы Азамат Әшімов.

 

Футбол федерациясы қазақстандықтарды ел құрамасына жанкүйер болуға шақырады - Sputnik Қазақстан
Футбол федерациясы қазақстандықтарды ел құрамасына жанкүйер болуға шақырады
Бәлкім, бұл спорт дәстүріне сай, зат алмасудың бір түрі шығар. Мәселен, футболшылар жейделерін жанкүйерлерге сыйға тартып жатады. Алайда видеода өз еркімен бергені көрінбейді: Систо бас киімін жоғалтып алғанына сасып қалған сияқты, қайтарып беруін сұрап жатыр.

Футболдан әлем чемпионатының іріктеу турнирі Қазақстан мен Дания құрамалары арасында 10 маусым күні болды. Матч 1:3 есебімен даттардың пайдасына шешілді. Стадионда 19 мыңнан аса жанкүйер болған.

 

Жаңалықтар
0