ЭКСПО тарихы: Эйфель мұнарасынан қазақстандық сфераға дейін
ЭКСПО тарихы: Эйфель мұнарасынан қазақстандық сфераға дейін
Sputnik Қазақстан
Дүниежүзілік көрмелердің тарихы ғажайып және саналуан, Sputnik Қазақстан фото таспасында ЭКСПО-ның әр жылдарындағы бірегей мұрағат кадрларын жинадық. 12.06.2017, Sputnik Қазақстан
Көрменің қай және қай жылы өткеніне қарамастан көптеген көрермендерді жинаған. Басты мақсаттардың бірі – бұқара көпшілікті конструкцияның ауқымдығы және бірегейлігімен тәнті ету. Уақыт өте көрменің тақырыбы индустриаландырудан мәдени байланысқа өзгереді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бейбітшілік пен адамзат мақсаттарының тұтастығына шақыратын ұрандар жиі айтыла бастады. Суретте Брюссельдегі көрме павильоны, 1958 жыл
Кеңестік павильонда Жердің алғашқы жасанды серіктері ұсынылды. Бірегей экспонатты көруге көпшілік ынтық болған, кіреберісте ұзын кезектер жиналған. Суретте Брюссельдегі көрме павильоны, 1958 жыл
ЭКСПО-ның бүкіл тарихындағы ең сәтті көрмелерінің бірі Канадада (Монреаль) 1967 жылы өтті. 50 миллионнан астам келуші 62 ел павильонында болды. Суретте америкалық (сол жақта) және кеңес павильондары.
Көрмеде бір күн ішінде келушілер рекорды орнатылды. Ол күні үшінші күні көрмеге 569 мың келуші кірген. Суретте: ЭКСПО-1967 миллионыншы келушісіне самауырын тапсырылып жатыр.
Көрме аумағы 300 гектарды алды. Павильондар әртүрлі биіктік пен қашықтықта орналасты. Барлық жолдар концерттер, бұқаралық шаралар өтіп жатқан басты фестиваль алаңына алып баратын.
ЭКПО-ның ең "дәмді" көрмесі 2015 жылы Миланда өтті. "Планетаға арналған тамақтану" – оның ұраны осындай болды. Суретте: жапон аспазы ұлттық тамақ әзірлеп жатыр, Милан 2015 жыл.
Астанада ашылған "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі көптеген тосын сый әзірледі. Үздіктердің қатарына оның еніп енбейтінін жақында білетін боламыз. Павильондар алғашқы қонақтарды қабылдап жатыр. Көрме 10 қыркүйекке дейін жалғасады.