АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Астанадағы ЭКСПО халықаралық көрмесінің ашылу салтанаты кезінде Қазақстанға қызыға қарағанын мойындады, деп хабарлайды қырғыздық knews.kg. басылымы.
Қырғызстан басшысы Астанадағы ЭКСПО көрмесінің ашылу салтанатында болған кезінде құны 3 миллиард АҚШ долларын құратын көрме кешеніне барғанын мәлімдеді.
"Егер мен сонша ашқа жарататын болсам, мені өртеп жіберетін шығар. Бізде несиеге 1 миллиард АҚШ долларын алсаң зар жылайды. Біз Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу үшін 30 миллион доллар жараттық, оның өзінде донорлар есебінен. Әлі күнге дейін ашынады. Ал Қазақстанда кешенге (ЭКСПО) деген көзқарас басқа. Ол жерде адамдар билікті қолдайды. Шыны керек, мен қызықтым", — деп ағынан жарылды Атамбаев.
Оның мәлімдеуінше, Қырғызстан мұнай мен газдың болмағанына қарамастан, "үнемі қаржыдан шектелген ел" болмауы тиіс.
"Біз мұнай мен газдың жоқтығын адами әлеуетпен толықтырамыз", — деп атап өтті Алмазбек Атамбаев.
ЭКСПО-2017 Астанада 10 маусымда ашылды. Бір күн бұрын 20 мемлекет және үкімет басшыларының қатысуымен көрменің ашылу салтанаты өтті. Рәсімге Алмазбек Атамбаев та қатысты. "Астана ЭКСПО-2017" компания басшысы Ахметжан Есімовтің мәлімдеуінше, ЭКСПО-ның алдын ала құны 400 миллиард (шамамен 1,3 миллиард АҚШ доллары) теңгені құрайды.