АСТАНА, 11 маусым — Sputnik. Атырау полициясы иесі қаланы кезіп жүрген 16 жылқыны айыптұрағына жөнелтті.
"13 жылқы мен 3 құлын шөпті таптап, жолаушылардың жолына бөгет болып қала көшелерінде кезіп жүрген. Мал Арнайыавтобаза" тұрағына жеткізілді", — деп хабарлайды Атырау облысының полициясы.
Жануарлардың иесіне 45380 теңге көлемінде айыппұл салынды.