Оқиға

"Шенеуніктердің балаларына қатысты" дау: алматылық ұлының алаңға шығуына қол жеткізді

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуФутбол добы
Футбол добы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Каппрованың сөзіне қарағанда, Қазақстан мен Дания құрамалары футболшыларының алаңына шығарылатын сегіз "шенеуніктің баласын" сол бойы тізімнен алмаған

АСТАНА, 11 маусым — Sputnik. Қазақстан-Дания футбол матчының төңірегіндегі даулы жағдай туралы мәлімдеген алматылық дегенмен ересек ойыншылармен бірге алаңға ұлының шығуына қол жеткізді. 

Матч қарсаңында ұлдың анасы Альбина Каппарова алаңға ересек ойыншыларды шығаруға тиіс болған спорт мектебінің тәрбиеленушілерін, олардың арасында өзінің ұлы да бар, кенеттен футболға қатысы жоқ сегіз "шенеуніктің баласына" ауыстырып жергенін мәлімдеген болатын. 

"8 баланы сол бойы ауыстырған жоқ, Әлішерді қойды, бірақ 2007 жылғы команданың басқа баласын алып тастады!!! Бұл не? Мені арым мазалайды!!! Әлішер 2006 жылғы командада жаттығады, мен ол баланы танымаймын да! Бапкер өзін сол жасауға мәжбүрлегенін айтты! Мен өзге балалардың үстінен өткен болып тұрмын! Немесе осылайша, жасаған ісіме өкінуім үшін әдейі аяғымнан шалған! Енді менің ұлым 2007 жылғы баланы шығарып жіберді деп айтар? Немесе мен бір нәрселерді түсінбедім бе? Неткен жеркенішті!!! Күшім де қалмады!!!", — деп жазды Каппарова Facebook желісіндегі парақшасында. 

Қазақстан футбол федерациясында Facebook желісіндегі алдыңғы постқа "бұл мәселені қоздырмауды" сұраған болатын. Альбина Каппарованың өзі федерацияның жауабын оқып, кезекті пост жазып, ҚФФ-ны спорт мектебі баларының орнын басқан 8 баланың тегін жариялауды ұсынған. 


Жаңалықтар
0